Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Ұлттық музейде әйел суретшілердің көрмесі ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 21 қаңтар, 2026 | 15:30
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

Ұлттық музейде әйел суретшілердің көрмесі ашылды

Көрмеде ұлттық қолөнер мен сәндік өнер туындылары ұсынылып отыр

Ұлттық музей
Ұлттық музей

Көрменің басты мақсаты – отандық әрі халықаралық өнер кеңістігінде әртүрлі бағыт пен жанрда еңбек етіп жүрген, өзіндік қолтаңбасы бар, инновациялық идеяларымен ерекшеленетін, жоғары кәсіби деңгейдегі дарынды әрі креативті әйел суретшілердің шығармашылығын кеңінен насихаттау, деп хабарлайды QazMonitor.

Көрмеге 150-ден астам шебер ханымдардың қолынан шыққан ұлттық қолөнер бұйымдары, зергерлік әшекейлер, сәндік заттар мен түрлі кәдесыйлар қойылған. Әр туындыдан терең мағына, нәзік сезім мен махаббатты көруге болады.

Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Сайран Дүйсеновтің айтуынша, көрме екі ай бойы көрермен назарына ұсынылады. Сонымен қатар, алдағы уақытта да осындай мәдени-ағартушылық шаралар жалғасады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.