Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Алматыда «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 17 сәуір, 2026 | 19:00
1 мин. - оқу уақыты

Алматыда «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды

Ол Ұлы дала өркениетін зерттейтін халықаралық желіні құрып, гуманитарлық ғылымды цифрлық технологиялармен ұштастыруды көздейді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Алматы қаласында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жанынан Тұран университетінің базасында «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Орталықтың негізгі мақсаты – халықаралық зерттеу хабын қалыптастыру және «жұмсақ ғылыми инфрақұрылым» желісін дамыту. Жаңа құрылым тек бір орталық қана емес, ел ішіндегі және халықаралық академиялық кеңістікті біріктіретін көпдеңгейлі ғылыми желінің негізі болмақ.

Орталықтың қызметі әлемдік тәжірибеде тиімділігі дәлелденген Конфуций, Гете және Юнус Эмре институттарының үлгісіне сүйенетінін айтып, оның үш деңгейлі жүйе бойынша дамитын болады. 

Сонымен қатар «Turan Civilization Digital Atlas» цифрлық платформасы, электронды архивтер және жаңа білім беру бағдарламалары арқылы GIS, жасанды интеллект және интерактивті картографияны гуманитарлық зерттеулерге енгізу көзделіп отыр. Бұл бастама ғылыми нәтижелердің қолжетімділігін арттырып, Қазақстанның халықаралық гуманитарлық беделін күшейтуге бағытталған.

Іс-шараға Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы, Түркия елдерінің дипломатиялық өкілдері, халықаралық ұйымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің басшылары, академиктер мен сарапшылар қатысты. Жиында Ұлы даланы өркениеттік кеңістік ретінде зерттеу, тарихи мұраны цифрландыру және гуманитарлық ғылымға заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.