Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Атырауда белгілі фототілші Амангелді Мутигуллиннің құрметіне фотокөрме ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 30 маусым, 2026 | 15:20
1 мин. - оқу уақыты

Атырауда белгілі фототілші Амангелді Мутигуллиннің құрметіне фотокөрме ашылды

«Кадрдағы ғұмыр жолы» көрмесінде фотошебердің әр жылдары түсірген 50-ден астам туындысы көпшілік назарына ұсынылды

Qazaqstan Monitor: Атырауда белгілі фототілші Амангелді Мутигуллиннің құрметіне фотокөрме ашылды

Атырауда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында белгілі фототілші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Амангелді Мутигуллиннің рухына арналған «Кадрдағы ғұмыр жолы» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды QazMonitor Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,

Көрмеге фотошебердің 2008 жылдан бері түсірген 50-ден астам фотосуреті қойылды. Туындыларда оның шығармашылық қолтаңбасы, кәсіби ізденісі және өңірлік фотожурналистиканың дамуына қосқан елеулі үлесі көрініс тапқан.

Фотокөрмені Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов тамашалады. Өңір басшысы экспозициямен танысып, көрменің Амангелді Мутигуллиннің бай шығармашылық мұрасына көрсетілген құрмет екенін атап өтті.

Көрмеге келген жұртшылық ұсынылған фототуындыларға жоғары баға беріп, олардың әрқайсысынан өмірдің шынайы сәттері мен ерекше атмосферасы сезілетінін жеткізді.

«Аман аға әкемнің ең жақын достарының бірі еді. Өте қарапайым, ақкөңіл, адал жан болатын. Көрмені тамашалап, оның шығармашылығымен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Біздің өңір үшін ол – нағыз аңыз тұлға», – деді көрме қонағы Айгерім Қабдешова.

Амангелді Мутигуллин 1957 жылғы 15 қазанда Исатай ауданының Забурын ауылында дүниеге келген. Ол 2000 жылдан бастап фотожурналистика саласында еңбек етті. Алғашында «Ақ Жайық» газетінде қызмет атқарып, 2003–2012 жылдары облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінде фототілші болды. Ал 2012 жылдан өмірінің соңына дейін «Атырау өңірі энергетигі – Энергетик Прикаспия» газетінің бас редакторы қызметін атқарып, Атырау энергетика кешенінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.