Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Теміртау мен Балқашта жаңа театр филиалдары ашылады
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 17 тамыз, 2026 | 11:30
1 мин. - оқу уақыты

Теміртау мен Балқашта жаңа театр филиалдары ашылады

Өңір басшысы жасөспірімдер үшін өнер қолжетімді болатынын айтты

cottonbro studio /pexels
cottonbro studio /pexels

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртау мен Балқаш қалаларында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының филиалдарын ашу мәселесін қарастыруды тапсырды. Жаңа мәдениет ошақтарының жұмысында балалар мен жастарға айрықша мән беріліп, театр қойылымдарын білім беру үдерісімен ұштастыру көзделіп отыр. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінде мәдениет мекемелерінің басым бөлігі Қарағанды қаласында шоғырланған. Осыған байланысты облыстың өзге қалаларындағы тұрғындар үшін, әсіресе балалар мен жастарға мәдениет пен өнерге қолжетімділікті арттыру маңызды.

Өңір басшысы театрлар мен өзге де мәдениет мекемелеріне баруды білім беру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналдыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, театр қойылымдары оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен шектелмей, оқу бағдарламасын толықтырып, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуі тиіс. 

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.