Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан Пәкістанға электр автобус экспортын бастайды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 05 ақпан, 2026 | 12:29
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан Пәкістанға электр автобус экспортын бастайды

Алғашқы кезеңде 600 автобус, келісім құны – 108 млн доллар

Pexels / Will Mu
Pexels / Will Mu

Тиісті келісімге Исламабадта өтіп жатқан «Қазақстан – Пәкістан» бизнес форумы аясында екі елдің бизнес өкілдері қол жеткізді, деп хабарлайды QazMonitor.

Автобустардың алғашқы партиясын жеткізу биылғы сәуір айында басталады. Коммерциялық келісімнің жалпы құны 108 млн АҚШ долларын құрайды. Компания 2027–2028 жылдары Пәкістанға экспорт көлемін 2000 автобусқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

2018 жылы Алматы қаласында құрылған Falcon EuroBus бүгінде еуропалық стандарттарға сай автобустардың кең түрін шығарады. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 1500 автобус болса, биыл бұл көрсеткішті 3000 данаға дейін арттыру көзделген. Қазақстандық электр автобустарына Өзбекстан, Моңғолия, Пәкістанмен қатар, Еуропа елдерінде де сұраныс жоғары.

Falcon EuroBus директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әділхановтың айтуынша, компания автобустарды толық өндірістік цикл бойынша шығарады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.