Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Блогер Ерболат Жанабылов пен әйелі үйқамаққа алынды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 06 ақпан, 2026 | 10:30
1 мин. - оқу уақыты

Блогер Ерболат Жанабылов пен әйелі үйқамаққа алынды

Оларға заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысып, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген айып тағылды

 Фото: instagram.com/zhanabylov_e
Фото: instagram.com/zhanabylov_e

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті блогер Ерболат Жанабылов пен оның әйелі Эльмира Толегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды QazMonitor.

Тергеу ақпарарына сәйкес, Instagram әлеуметтік желісінде (15 миллионнан астам жазылушысы бар) көп миллиондық аудиторияға ие ерлі-зайыптылар өз жазылушыларының сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған. 2025 жылы олар онлайн-курстарды сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Аталған «курстарды» сатып алудың негізгі себебі – қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу болған.

Сонымен қатар тергеу органдары электронды «сәттілік барабанының» параметрлерін өзгерту фактілері анықталғанын хабарлады.

Күдіктілер жария түрде ең көп репост жасаған қатысушыға 11-автокөлік табысталғаны туралы мәлімдеп, акцияның қамту аясын кеңейту мен назар аудару мақсатын көздеген. Алайда іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған және сыйлық табысталмаған.

Нәтижесінде азаматтардан «Zhana Business» ЖШС-нің бақылауындағы шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 247,5 млн теңгені құраған, оның 60 млн теңгесі депозиттік шоттарға орналастырылған. Сот санкциясымен 17 iPhone ұялы телефонына және Lamborghini Urus пен Lexus LX 600 автокөліктерін қоса алғанда, 10 автокөлікке тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.