Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украина мен Эфиопия аумағында референдум учаскелерін ашпау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Орталық референдум комиссиясы отырысында айтылды, деп хабарлайды QazMonitor.
Бұған дейін шетелде 82 учаске ашу жоспарланған. СІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Әлімбаевтың айтуынша, жоспарға халықаралық және геосаяси жағдайға байланысты өзгерістер енгізілген.
«Украинадағы азаматтарымыздың саны айтарлықтай азайды. Тіркеуде шамамен 500-дей азамат болған, олардың басым бөлігі елден кеткен, көбісі Қазақстанда жүр. Ал Эфиопияда небәрі 5 азамат тіркелген. Олар – елшілік қызметкерлері. Екеуі Каир қаласына барып дауыс береді», деді министрлік өкілі.
Осылайша, референдум шетелдегі 62 мемлекетте орналасқан 80 учаскеде өтеді.