Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 111 мың адам жұмысқа тұрды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 10 қараша, 2025 | 11:44
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 111 мың адам жұмысқа тұрды

Елдегі еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдардың 30% ғана жұмыспен қамтылған

www.gov.kz
www.gov.kz

Қазіргі уақытта Қазақстанда мүгедектігі бар 743,9 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,7%-ын құрайды, олардың 375,2 мыңы еңбекке қабілетті жаста.

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 25,5 мың мүгедектігі бар адам қамтылды. Бүгінгі таңда барлығы ерекше қажеттіліктері бар 111 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30%-ын құрайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл тұрақты жұмысқа 4,8 мың адам тұрса, жастар практикасына – 538 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 538 адам, қоғамдық жұмыстарға – 5,7 мың адам тартылды. Сонымен қатар «Күміс жас» жобасы бойынша – 758 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 120 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша – 9 адам жұмыс тапты.

Бұған қоса, кысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 277 адам, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 4,5 мың адам қамтылды.

Еске салсақ, 2018 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілген болатын. Биыл осындай 87 арнайы жұмыс орны құрылды.

Дереккөз: Еңбек министрлігі

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.