Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда ерлі-зайыптылар бір-бірінің банк шотын тексере ала ма?
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 наурыз, 2026 | 12:20
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда ерлі-зайыптылар бір-бірінің банк шотын тексере ала ма?

Конституциялық сот ерлі-зайыптылардың банк құпиясына қол жеткізу мәселесін қарайды

Руслан Пряников
Руслан Пряников

ҚР Конституциялық Соты Банк құпиясы туралы заңның 50-бабын қайта қарауда. Оған бұрынғы ерлі-зайыптылардың бірінің өтініші негіз болған, деп хабарлайды QazMonitor.

Атап айтқанда аталған заңның 50-бабы 4-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексереді. Бұл нормаға сәйкес, банк құпиясын құрайтын мәліметтер тек клиенттің өзіне немесе шот (мүлік) иесінің келісімімен үшінші тұлғаға ғана ашылуы мүмкін.

Өтініш иесінің ұстанымы бойынша бұл ереже іс жүзінде ерлі-зайыптылардың бірінің ортақ жинақтары туралы ақпарат алу мүмкіндігін шектейді. Сондықтар ол ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқықты іске асыруға кедергі келтіреді деп есептейді.

Сонымен қатар ол ажырасқаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арыз дайындау барысында  бұрынғы жұбайының неке кезеңінде жинақтаған қаржылық қаражаты туралы мәліметтерді ала алмағанын айтқан.

Осыған байланысты ол екінші деңгейдегі банктерге қатысты тиісті ақпаратты ұсыну міндетін жүктеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінген. Алайда сот талаптарды қанағаттандырудан бас тартты.

Конституциялық соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес сот органының ресми сайтында, сондай-ақ баспасөзде жарияланады. 

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.