Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан шекарасында екі айда 5 мыннан астам шетел азаматы ұсталды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 02 сәуір, 2026 | 11:07
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан шекарасында екі айда 5 мыннан астам шетел азаматы ұсталды

Шекарашылар 1,9 млрд теңгенің валютасын тәркілеген

jc Qi/pexels
jc Qi/pexels

Биылғы жылдың ақпан-наурыз айларында Қазақстан шекарасында 6,5 млрд теңгенің тауары мен валютасы тәркіленді, деп хабарлайды QazMonitor ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Ведомтсво мәліметінше, 2026 жылғы ақпан және наурыз айларында Қазақстан шекарасында заңнама бұзған 6 021 адам ұсталған, оның ішінде 5 034 шетел азаматы.

Сонымен қатар шекарашылар тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 103 фактісінің алды алынды, соның ішінде есірткі заттары (41 факті), 50 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (7 дана тегіс оқпанды және 37 дана суық қарулары, 276 дана оқ-дәрілері) 1 056 факті – көлемі 66 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары бар.

Бұған қоса жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары мен 1,9 млрд теңгені құрайтын валюта бар.

Сондай-ақ Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 13 фактісінің жолы кесілді, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 330 млн теңгеден астамды құрады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.