Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармай бағаларына қатысты мораторийді алып тастау жөніндегі кез келген шешімдер қазіргі инфляциялық процестерді ескере отырып қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.
Оның айтуынша, тарифтердің өсуі инфляция қарқынынан асып кетпеуі қажет. Сондықтан алдағы уақытта коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармай бағасына қатысты шешімдер мұқият қарастырылып, теңгерімді тәсіл негізінде қабылданбақ.
Тимур Сүлейменов инфляциялық қысымның бар екенін атап өтіп, тарифтердің негізсіз және шамадан тыс өсуіне жол бермеу маңызды екенін жеткізді. Оның сөзінше, қажет болған жағдайда тарифтер біртіндеп және шамалы деңгейде ғана өзгеруі тиіс.
Сонымен қатар Ұлттық банк басшысы көлік отынының бағасын қайта реттеу сценарийі де қарастырылғанын, оның инфляцияға әсері болуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан бұл бағыттағы кез келген өзгеріс сақтықпен жүзеге асырылуы қажет.
Оның пікірінше, инфляцияны төмендету міндеті мемлекет басшысы тарапынан Ұлттық банк пен Үкіметке жүктелген және бұл бағытта бірлескен жұмыс жүргізілуі керек. Ал қабылданып жатқан шаралардың нәтижесі уақыт өте келе байқалатын болады.
Айта кетейік, 1 сәуірден бастап 2025 жылдың қазан айында енгізілген коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармай бағасын көтеруге қатысты мораторий өз күшін тоқтатты.