Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда инклюзивті білім беруді қолдау күшейді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 21 сәуір, 2026 | 11:38
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда инклюзивті білім беруді қолдау күшейді

Жыл соңына дейін арнайы қолдаумен қамту деңгейін 95%-ға жеткізу, сондай-ақ инклюзивті білім беру инфрақұрылымын кеңейту жоспарланған

Tima Miroshnichenko/Pexels
Tima Miroshnichenko/Pexels

Мемлекет басшысының білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында Қазақстанда инклюзивті ортаны дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.

2025-2030 жылдарға арналған Инклюзивті саясат тұжырымдамасының іске асырылуы туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады. Оның айтуынша, 2025–2026 оқу жылының басындағы мәлімет бойынша елде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала тіркелген.

Бүгінде олардың 90%-ы арнайы қолдаумен қамтылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 95%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Қазір елде 539 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Олардың қатарында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, түзету кабинеттері, оңалту орталықтары және өзге де ұйымдар бар.

Педагог-ассистенттер лауазымдарын енгізу нәтижесінде үйде оқитын балалар саны 11%-ға азайып, шамамен 2 мың бала мектепке бару мүмкіндігіне ие болды.

Министрдің айтуынша, инклюзивті білім беру жағдайында оқитын балаларды қолдау үшін 1 мыңнан астам орта білім беру ұйымында инклюзивті білімді қолдау кабинеттері ашылған. Биыл қосымша 40 қолдау кабинетін ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар арнайы педагогика бағыттарының тізімі 8 бейінге дейін кеңейтілген. Балаларды қолжетімді әрі сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін 360 арнайы оқу бағдарламасы, 300-ден астам оқулық пен оқу-әдістемелік кешен әзірленген. Педагогтер, арнайы мамандар мен ата-аналардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін 160 әдістемелік ұсыным дайындалған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.