Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда 180 млн теңгенің темекі контрабандасы анықталды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 маусым, 2026 | 11:21
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

Қазақстанда 180 млн теңгенің темекі контрабандасы анықталды

Жыл басынан бері темекі өнімдерін заңсыз алып өтудің 93 фактісі анықталған

Ahsanjaya / pexels
Ahsanjaya / pexels

2026 жылғы 8 маусымда Жамбыл облысындағы «Қарасу» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлері темекі өнімдерін ірі көлемде заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды QazMonitor.

Ведомство мәліметінше, жүк автокөлігінің арнайы жасырылған бөлігіне 360 мың қорап темекі өнімі жасырылып, оларды Қазақстан аумағына заңсыз алып өтпек болған

Алдын ала есеп бойынша тәркіленген темекі өнімдерінің құны 180 млн теңгеден асады. Тәркіленген тауар қосымша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін құзырлы органға тапсырылды.

ҰҚК Шекара қызметінің дерегіне сәйкес, биылғы жылдың басынан бері темекі өнімдерін заңсыз алып өтудің 93 фактісінің жолы кесілген. Тәркіленген өнімдердің жалпы құны 386 млн теңгені құрады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.