Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда жаңғыртудан өткен 30 теміржол вокзалы ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 03 шілде, 2026 | 15:24
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда жаңғыртудан өткен 30 теміржол вокзалы ашылды

Жаңарту барысында жолаушылар инфрақұрылымы, платформалар мен инженерлік жүйелер толықтай жаңғыртылды

Фото: ҚР Көлік министрлігі
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстанның өңірлерінде реконструкциядан өткен 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды QazMonitor.

Ведомствоның мәліметінше, жаңғырту жұмыстары соңғы жылдардағы теміржол вокзалдарын ең ауқымды жаңарту жобасына айналды. Нәтижесінде жолаушыларға қолайлы жағдай жасалып, қауіпсіздік күшейтілді, вокзалдардың өткізу қабілеті артты.

Реконструкция барысында ғимараттардың қасбеті мен шатыры жөнделіп, энергия үнемдейтін витраждар орнатылды. Сонымен қатар жылыту, сумен жабдықтау, желдету, кондиционерлеу, өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері жаңартылды. Құрылыс кезінде негізінен отандық материалдар пайдаланылған.

Сондай-ақ вокзалдарда кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық берілді. Пандустар, лифтілер, тактильді жолақтар, бейімделген санитарлық бөлмелер мен арнайы касса аймақтары жабдықталды. Бірқатар нысанда ана мен бала бөлмелері, медициналық пункттер және жүк сақтау камералары ашылды.

Жаңғырту тек вокзал ғимараттарын ғана емес, жолаушылар платформаларын, вокзал маңындағы аумақтарды және инженерлік инфрақұрылымды да қамтыды.

Реконструкциядан кейін пайдалануға берілген нысандар Абай, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Алматы, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында орналасқан.

Еске салсақ, Қазақстанда 2025 жылы 124 теміржол вокзалын кешенді жаңғырту басталған болатын. Бұған дейін 36 вокзалда құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталғаны хабарланған еді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.