Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Катонқарағайда ұлттық спорттан халықаралық дода басталды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 08 шілде, 2026 | 17:24
1 мин. - оқу уақыты

Катонқарағайда ұлттық спорттан халықаралық дода басталды

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясындағы жарыстарда бас жүлдеге автокөлік тігіліп отыр

Qazaqstan Monitor: Катонқарағайда ұлттық спорттан халықаралық дода басталды

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аясында ұлттық спорт ойындарының жалауы көтерілді. Биыл жарыстар фестиваль бағдарламасымен қатар Шығыс Қазақстан облысының XXIV Халықтық спорт ойындарының ат спорты түрлері бойынша бәсекелерін біріктіріп отыр, деп хабарлайды QazMonitor

Бірнеше күнге жалғасатын дода бағдарламасына көкпар, жамбы ату, аламан бәйге, аударыспақ, теңге ілу, құнан бәйге, топ бәйге және жорға жарысы енгізілген.

Жарысқа Шығыс Қазақстан облысымен қатар еліміздің басқа өңірлерінен келген спортшылар қатысып, ұлттық спорт түрлеріндегі шеберлігі мен төзімділігін сынға салады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың басты жүлдесі – автокөлік. Ол үздік нәтиже көрсеткен жеңімпазға табысталады.

Фестиваль аясында ұлттық спорт ойындарын өткізу қазақтың дәстүрлі спорт түрлерін дамытуға, түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын дәріптеуге және жастардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі жыл сайын мыңдаған қонақты жинап, ұлттық спортты, мәдениетті және қазақ халқының бай дәстүрін насихаттайтын халықаралық мәдени алаң ретінде танылып келеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.