Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада Алаш тасжолы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 06 тамыз, 2026 | 15:27
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

Астанада Алаш тасжолы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

5-25 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Pexels
Pexels

Астанада Алаш тасжолында салмақ өлшеу датчиктеріне арналған бетон жабындысын орнату жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жұмыс учаскесінің ұзындығы – 400 метр. Осыған байланысты, 5-25 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Бұл ретте көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.