Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түрік инвесторы Қазақстандағы екі қант зауытына 500 млн доллар инвестиция салмақ
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 02 желтоқсан, 2025 | 11:45
1 мин. - оқу уақыты

Түрік инвесторы Қазақстандағы екі қант зауытына 500 млн доллар инвестиция салмақ

300 мың тонна өнім шығаратын зауыттар салуды жоспарлап отыр

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркияның Cengiz Holding компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Дженгиз Шабанмен қант саласындағы бірлескен жобаларды талқылап, оны іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ‎

Cengiz Holding Қазақстанда жылына 300 мың тонна қант өндіретін екі зауыт салу мүмкіндігін қарастырып отыр. Компания жобаны жүзеге асыру үшін 10 жылға 500 млн доллар инвестиция салуға дайын екенін хабарлады. Жаңа өндіріс орындары үшін Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының климаттық жағдайлары, инфрақұрылымы мен жер ресурстары зерттеліп жатыр.

Құрылыс жұмыстарын келесі жылы бастап, екі зауытты екі жыл ішінде іске қосу жоспарланып отыр. Жоба іске асқанда ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету деңгейі артып қана қоймай, мал азығы, техникалық спирт және тамақ өнеркәсібіне арналған қосалқы өнімдер шығаратын өндірістер де дамиды.

Тараптар алдағы уақытта жобаны жүзеге асыру қадамдарын егжей-тегжейлі пысықтауға уағдаласты.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.