Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жезқазғанда сумен жабдықтау инфрақұрылымын жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлінді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 04 желтоқсан, 2025 | 09:33
1 мин. - оқу уақыты

Жезқазғанда сумен жабдықтау инфрақұрылымын жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлінді

Қаланы сумен қамтып отырған инфрақұрылымның 90% тозған

primeminister.kz
primeminister.kz

Үкімет резервінен Ұлытау облысының сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов қаулыға қол қойды.

Жұмыс істеп тұрған кешен 1966 жылы пайдалануға берілген, жабдықтың тозуы 90%-ға жетті.

Бөлінген қаржыға нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, 2026 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі сапалы ауыз суға қолжетімділік бойынша көрсеткіш қалаларда – 99,4%, ауылдық елді мекендерде – 98%-ды құрайды.

Дереккөз: Үкімет

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.