Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда зейнетақы жинағына пластикалық ота жасауға тыйым салынды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 желтоқсан, 2025 | 11:11
2 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда зейнетақы жинағына пластикалық ота жасауға тыйым салынды

Қазір пластикалық ота жасату бойынша 6 294 өтінім қаралып жатыр

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанда зейнетақы жинағына көз ауруларын емдеуге шектеу қойылғаннан кейін пластикалық оталар деген сұраныс артқан. Бүгіннен бастап зейнетақы қаржысына реконструктивті және қалпына келтіру (пластикалық) операцияларды төлеуге тыйым салынады. Бұл туралы Отбасы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

enpf-otbasy.kz платформасында стоматология мен офтальмологияға БЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау тоқтатылғаннан кейін, қазақстандықтар жаппай жаңа мақсатты таңдай бастаған. Банк мәліметінше, әсіресе операциядан кейінгі тыртықтарды түзету және туа біткен ақауларды коррекциялау үшін сұраныс артқан.

Желтоқсан айындағы өтінімдердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге жетті. Отбасы банк пластикалық оталарға деген қызығушылықтың күрт артқанын байқаған кезде, бұл жағдайдан БЗҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану қаупін көргенін айтады.

Осылайша enpf-otbasy.kz порталында 2025 жылдың 12 желтоқсанынан бастап БЖЗҚ қаражатын «Операциядан кейінгі тыртықтарды және туа біткен ақауларды түзетуге арналған реконструктивті және қалпына келтіру (пластикалық) операциялары» мақсаты бойынша пайдалану үшін өтінім қабылдау тоқтатылады.

Қазіргі уақытта пластикалық операцияларға БЗҚ қаражатын пайдалану бойынша 6 294 өтінім қаралып жатыр. Бұл өтінімдердің барлығы қолданыстағы тәртіпке сәйкес өңделеді.

Сонымен қатар банк азаматтарда өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өмірлік маңызды, құны жоғары және әрдайым қолжетімді бола бермейтін ем түрлеріне бағыттай алатынын айтты. Атап айтқанда мұндай медициналық қызметтерге сирек (орфандық) ауруларды емдеу, радионуклидтік және радиойод терапиясы, радиохирургиялық емдеу; протондық терапия жатады.

Бұдан бөлек, азаматтар зейнетақы артылған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады: тұрғын үй сатып алу, ипотеканы толық немесе жартылай өтеу, сондай-ақ Отбасы банктегі депозитті толықтырып, кейін баспана алу мүмкіндігі барын еске салды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.
#