Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алатындар көбейген
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 15 желтоқсан, 2025 | 11:02
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алатындар көбейген

Биыл төлемдердің жалпы сомасы 118,5 млрд теңге болды

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты 331,7 мың адам әлеуметтік төлем алған. Оның ішінде 289,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, төлемдердің жалпы сомасы 118,5 млрд теңге болды.

Сонымен қатар әлеуметтік төлемнің қалай тағайындалатынын еске салды. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге

- eGov.kz порталында авторизациялану;

- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;

- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Сонымен қатар МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылатынын атап өтті. Бұл төлем жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған. 

Еске салсақ, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 202,8 мың адамды құраған болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.