Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Еңбек нарығында 14,1 мың шетелдік бар: Олар қай салада жұмыс істейді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 25 желтоқсан, 2025 | 10:46
2 мин. - оқу уақыты

Еңбек нарығында 14,1 мың шетелдік бар: Олар қай салада жұмыс істейді

Шетел жұмыс күшінің негізгі бөлігі құрылыс пен агросекторға тиесілі

Руслан Пряников
Руслан Пряников

2025 жылғы 1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 103 шетел азаматы жұмыс істеп жатыр. Бұл көрсеткіш республикадағы жалпы жұмыс күшінің шектеулі үлесін ғана қамтиды.

Шетел жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар құрылымы әртүрлі санаттарды қамтиды. Атап айтқанда, бірінші санат бойынша, яғни компания басшылары мен олардың орынбасарларына 537 рұқсат, ал екінші санаттағы құрылымдық бөлімше жетекшілеріне 2 244 рұқсат берілген. Шетелдік кадрлардың басым бөлігі үшінші және төртінші санаттарға жатады: 3 784 маман және 1 271 білікті жұмысшы. Сонымен қатар 2 299 адам маусымдық жұмыстарға, ал 3 970 адам корпоративтік ауыстыру тетігі аясында тартылған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, қазіргі таңда елде шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 817 жұмыс беруші бар. Бұл кәсіпорындарда 334 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Отандық қызметкерлердің үлесі жалпы персоналдың 96%-ын құрайды.

Сонымен қатар ведомство шетелдіктердің қай салаларды істейтінін атап өтті. Экономикалық қызмет түрлері бойынша шетел азаматтары ең көп тартылған салалар: құрылыс секторында 4 993 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығында 2 316 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 1 235 адам және өңдеу өнеркәсібінде 1 155 адам бар.

Еңбек мигранттарының негізгі легі бірнеше елден келіп отыр. Атап айтқанда, Қытайдан – 5 604 адам, Өзбекстаннан – 2 110, Түркиядан – 1 036, Үндістаннан – 943 шетел азаматы жұмыс істейді.

Министрлік ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын шетел мамандарын тартуға арналған квотаны бекітеді.

Сонымен қатар биыл тамыз айынан бастап маусымдық шетелдік жұмысшыларға арналған кәсіптер тізбесі кеңейтілуіне байланысты квота 0,25% немесе 19,4 мың адам болып қайта қаралды. Қазіргі таңда өңірлік қажеттіліктерді ескере отырып, бұл лимит 16,7 мың бірлікке дейін төмендетілді.

Министрлік мәліметінше, квотаны икемді басқару тетігі еңбек нарығындағы теңгерімді сақтауға және отандық кадрлардың мүддесін қорғауға бағытталған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Үкіметі шетелдік инвесторлардың қатысуымен 5,7 трлн теңгеге портфель жасақтады. Бұл жобалар нәтижесінде 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.