Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Сақ стилі» сериясынан жаңа 500 теңгелік банкнот айналысқа шығады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 25 желтоқсан, 2025 | 18:09
1 мин. - оқу уақыты

«Сақ стилі» сериясынан жаңа 500 теңгелік банкнот айналысқа шығады

Жаңа банкнота қазақы ою-өрнек пен көшпенділер мәдениетінің элементтерін қамтиды

ҚР Ұлттық банкі
ҚР Ұлттық банкі

Жаппай қолданысқа жаңа банкнота 2026 жылдың екінші тоқсанында шыға бастайды. Бұл ақша еліміздің барлық өңіріне жеткізілуі үшін қосымша уақыт қажет. Сонымен қатар банкоматтар, терминалдар және кассалық техника жаңалыққа бейімделуі керек.

Банкноттардың бет жағында көкте қалықтаған құспен бейнеленген «Бәйтеректің» бұтағы орналасқан. Бұл бейне Есік қорғанынан алынған және б.з.д. 5–4 ғасырларды қамтиды. Сондай-ақ, ол Алтын адам бас киімінің әшекейін және табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасын көрсетеді. Бет жағында ДНҚ спиралі мен адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен безендірілген шексіздік символы бар. Бетте сондай-ақ Арқардың басы түріндегі әшекей фрагменті орналастырылған. Бұл Артефакт Берел қорғанынан алынған және б.з.д. 8–7 ғасырларға тиесілі.

Банкноттың артқы жағында ою-өрнекпен көмкерілген қалқан аясында Қазақстанда мекендейтін Арқар бейнеленген. Негізгі бейненің артында бірнеше мағына беретін қазақы ою-өрнек орналасқан. «Қалқан» құндылықтар қорғанын білдіреді. Ежелгі символ дүниенің төрт құбыласын білдіреді. Ортасында жасампаз энергияның нышаны ретінде күн белгісі бейнеленген. Банкнот ортасында қазақи «шексіздік» ою-өрнегінің контуры салынып, оның ішінде «Мұзтау» тауының ландшафтық көрінісі бейнеленген.

Номиналы 500 теңгелік жаңа банкноттар 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналысқа енгізіледі. Айналыста 2017 жылғы ескі үлгідегі банкноттармен екі жыл қатар жүреді. 

2027 жылғы 25 желтоқсаннан бастап барлық банк пен Қазпоштада ескі банкноттарды 3 жыл ішінде жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастауға болады. 

Ұлттық банк заңды төлем құралына жататын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын еске салады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.