Монетада көркемделген қалқан мен ежелгі Отырар қаласының көрінісі бейнеленген. Монетаның үстіңгі жағында қаланың бекініс қақпасы, қабырғалары мен мұнаралары бейнеленген.
Монета алтын жалату технологиясын қолдана отырып, 925 сынамалы күмістен дайындалған. Монетаның массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңге, таралымы – 2 000 дана.
Монетада ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген таулардың үстінде қалықтап тұрған грифон бейнеленген. Артқы жағында тау шыңдары трафарет техникасымен безендірілген.
Монеталар алтын жалату технологиясын қолдана отырып, 925 сынамалы күмістен дайындалған. Монетаның массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңге, таралымы – 2 000 дана.