Әлемдегі ең ірі 50 экономиканың ЖІӨ-сі және 2000-нан 2025 жылға дейінгі кезеңдегі нақты ЖІӨ-ның орташа жылдық өсу қарқыны туралы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан әлемнің ең ірі 50 экономикасының тізіміне енген Орталық Азиядағы жалғыз ел болды.
Бұдан бөлек, Қазақстан нақты ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны бойынша үздік бестікке енді. Бұл туралы Visual Capitalist порталы жариялаған ХВҚ деректері мәлімдейді.
Экономикасы 30,6 трлн долларға бағаланған АҚШ әлемдік экономиканың сөзсіз алыбы болып қала береді және бұл көшбасшылықты алдағы көптеген жылдар бойы сақтап қалады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ ең ірі бес экономиканың қатарына Қытай, Германия, Жапония мен Үндістан кірді.
АҚШ-тың басымдығына қарамастан, көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан, өсу қарқыны мен даму динамикасы бойынша олардан асып түсуде. Соңғы 25 жылда Құрама штаттардың нақты ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 2,1% құрады. Ал Қытай 2000 жылдан бастап нақты ЖІӨ-нің орташа есеппен жылына 8% өсуін көрсетіп келеді.
2000–2025 жылдар кезеңінің қорытындысы бойынша, Қазақстан Қытай, Үндістан, Вьетнам және Бангладеш елдерімен бірге нақты ЖІӨ -ның орташа жылдық өсу қарқыны бойынша көшбасшы бес елдің қатарына енді, бұл көрсеткіш 5,6% құрады. Бұған дейін Қазақстанның номиналды ЖІӨ -сы 2028 жылы 230 трлн теңгеге дейін өсетіні хабарланған болатын.