Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Еңбекке ақы төлеу деңгейі бойынша Астана көшбасшы боп қалып отыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 09 қаңтар, 2026 | 15:39
2 мин. - оқу уақыты

Еңбекке ақы төлеу деңгейі бойынша Астана көшбасшы боп қалып отыр

Еңбек нарығын зерттеу ұсынылатын жалақы деңгейінің қалыпты өскенін көрсетеді

Rexels / Mikhail Nilov
Rexels / Mikhail Nilov

Өткен жылы 2024 жылмен салыстырғанда бірқатар кәсіби салаларда жалақы өсімі байқалды. Мәселен, Қазақстанда өнер, ойын-сауық және массмедиа саласындағы мамандардың жалақысы 15%-ға артқан. Осындай өсім «Әкімшілік персонал» (+15,1%) және «Үй қызметкерлері» (+14,6%) салаларында да тіркелді. Бұл туралы QazMonitor-ға Headhunter.kz компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Кадрларды басқару», «Қауіпсіздік», «Сату және клиенттерге қызмет көрсету», «Туризм», «Сервис қызметтері» салаларында жалақы шамамен 12–13%-ға өсті.

Ал Қазақстанда жоғары және орта буын менеджмент өкілдерінің, сондай-ақ «Стратегия, инвестициялар, консалтинг» (-7,7%) және «Ақпараттық технологиялар» (-7,6%) салаларындағы жалақы 10%-дан астамға төмендеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ірі қалаларында ұсынылатын медиандық жалақы 247 мыңнан 328 мың теңгеге дейінгі аралықта қалыптасты. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда қалыпты өсімді көрсетеді.

Қай қалаларда жалақы жоғары болды

Еңбекке ақы төлеу деңгейі бойынша көшбасшы – Астана. Мұнда медиандық жалақы 327 999 теңгені құрап, жылдық өсім 8% болды. Екінші орында Алматы (324 897 теңге, +7,7%), мұнда ұсынылатын жалақы деңгейінің тұрақты өсімі сақталуда. Үздік үштікке Қарағанды да кірді (279 379 теңге, +8,9%), ол Шымкентті (277 719 теңге, +10,8%) басып озды.

Қостанайда (274 078 теңге, +13,6%) және Өскеменде (273 909 теңге, +9,2%) оң өзгерістер тіркелді. Бұл елдің ірі қалалары арасында өңірлік орталықтардың позициясы нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Ірі қалалардың тағы бірқатарында жағдай келесідей болып отыр:

Павлодар – 267 365 теңге, +12,8%,

Семей – 250 869 теңге, +7,6%,

Тараз – 248 279 теңге, +12,8%,

Ақтөбе – 246 766 теңге, +3,9%.

Бұл қалаларға медиандық жалақының күрт ауытқусыз, бірақ тұрақты өсімі тән.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ірі қалаларындағы еңбек нарығы ұсынылатын жалақы деңгейінің қалыпты өсуін көрсетіп отыр. Бұл ретте Астана мен Алматы көшбасшылықты сақтап қалды.

Сонымен қатар Қостанай, Өскемен және Павлодар сияқты ірі өңірлік орталықтардың рөлі артып келеді. Бұл ел көлемінде еңбекке ақы төлеу жағдайларының біртіндеп теңестіріліп келе жатқанын көрсетеді.

Кімдер жұмыс іздеді

Қазақстанда ең белсенді түрде жұмыс іздегендер – автомобиль бизнесінде жұмыс істейтін мамандар. Бұл салада жұмыс іздеушілер саны 2024 жылмен салыстырғанда 11%-дан астамға артты. Сонымен қатар пиар және маркетинг мамандары, сақтандыру саласының қызметкерлері де жұмыс іздеді.

Жұмыс берушілер кімдерді іздеді

Ұсыныстар көлемі бойынша көшбасшы – сату және клиенттерге қызмет көрсету саласы, оның үлесі 12,6%. Осындай жағдай спорт клубтары мен сұлулық салондары, сондай-ақ автомобиль бизнесі салаларында да байқалады.

Сонымен қатар жұмысшы персоналға, «Құрылыс және жылжымайтын мүлік», «Өндіріс және сервис қызметтері», «Көлік және логистика» салаларындағы қызметкерлерге сұраныс бар. Бұл бағыттарда мамандарға деген сұраныс 2,6% шегінде артқан. Ерекше өсім туризм саласында байқалады.

Сонымен бірге жұмыс берушілердің белсенділігі аздап төмендеген. Дегенмен вакансиялардың жалпы көлемі жоғары деңгейде қалып отыр, бұл мамандарға деген тұрақты сұранысты растайды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.