Тау шаңғысы спортынан 2026 жылы Италияның Милан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды QazMonitor. Әйелдер арасында Олимпиада жолдамасын Александра Скороходова жеңіп алды. Ол слалом, гигант слалом және супер-гигант дисциплиналары бойынша бақ сынайды.
Ерлер бәсекесінде Қазақстан атынан Ростислав Хохлов өнер көрсетеді. Ол слалом мен гигант слалом сайыстарына қатысады.
Қазіргі таңда Қазақстан бірнеше спорт түрі бойынша Олимпиада лицензияларына ие. Атап айтқанда, биатлоннан Владислав Киреев, Әсет Дюсенов, Милана Генева және Айша Рақышева жолдама алды.
Конькимен жүгіру спортынан Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова және Арина Ильященко Олимпиадаға қатысады.
Шорт-тректен Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова мен Яна Хан лицензия иеленсе, мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина ел намысын қорғайды.
Сондай-ақ фристайл-акробатикадан Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан және Аяна Жолдас Милан-2026 ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.