Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Милан-2026: Олимпиада құрамасы Мемлекеттік туды қабылдап алды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 26 қаңтар, 2026 | 10:07
1 мин. - оқу уақыты

Милан-2026: Олимпиада құрамасы Мемлекеттік туды қабылдап алды

Президент Қысқы Олимпиадаға баратын спортшыларға сәттілік тіледі

Ақорда
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды, деп хабарлайды QazMonitor.

Миландағы Олимпиада ойындарына 40-қа жуық спортшымыз қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі.

Президент Қысқы Олимпиадаға жолдама алу үшін Қазақстан спортшылары көптеген белестен өтіп, түрлі халықаралық жарыста табысты өнер көрсетіп, 17 алтын, 31 күміс және 21 қола медальға ие болғанын атап өтті.

«Сонымен бірге біз Паралимпиада ойындарында ел абыройын қорғайтын спортшыларымызға зор сенім артамыз. Паралимпиадашылардың ерекше құлшынысы және мықты ерік-жігері көпке үлгі. Наурыз айының басында Италияда өтетін Паралимпиада ойындарына әзірге 10 лицензия алдық. Лицензия саны әлі де көбеюі мүмкін», деді Президент.

Мемлекет басшысы байрақты бәсекеге қазақстандық спортшылар тыңғылықты дайындалғанына тоқталып, Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында шын мықтылар күш сынасатынын айтты.

«Ел сенімі – ерге жүк» дейді халқымыз. Баптарыңыз және бақтарыңыз қатар шауып, жүлдемен келесіздер деп сенемін. Барша халқымыз Сіздерге жанкүйер, тілекші болады. Бәріңізге сәттілік, жеңіс тілеймін! Көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын Ұлттық құраманың мүшелері Денис Никиша мен Аяулым Әмреноваға және Қазақстан паралимпиадалық командасының мүшесі Ербол Хамитовқа табыстады.

Қазақстанның олимпиадалық құрамасында кімдер бар?

Туризм және спорт министрлігі 

Биатлон

Владислав Киреев, Әсет Дюсенов, Милана Генева, Айша Рақышева

Конькимен жүгіру спорты

Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко

Шорт-трек

Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан

Мәнерлеп сырғанау

Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина

Фристайл-акробатика

Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан және Аяна Жолдас

Тау шаңғысы спорты

Александра Скороходова, Ростислав Хохлов.

Шаңғы

Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков.

Шаңғымен тұғырдан секіру

Илья Мизерных, Данил Васильев.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.