Елена Рыбакина Australian Open 2026 турнирінің финалына шықты. Ол жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы жеңді, деп хабарлайды QazMonitor.
Матч қазақстандық теннисшінің екі сеттегі жеңісімен аяқталды – 6:3, 7:6. Осы жетістік арқылы Рыбакина Пегуламен жеке кездесулердегі есепте алға шықты – 4:3.
Турнирдің финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингтің көшбасшысы Арина Соболенкомен ойнайды. Бұл теннисшілер арасындағы турдағы 15-ші матч болмақ, қазір беларусь спортшысы 8:6 есебімен алда. Бұған дейін теннисші украиналық Элина Свитолинаны 6:2, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Шешуші матч 31 қаңтарда өтеді.
Сондай-ақ Australian Open 2026 турнирінің жұптық сындағы финалына қазақстандық Анна Данилина шықты. Ол сербиялық теннисші Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетуде. Жартылай финалда олар канадалық-бразилиялық Габриэла Дабровски – Луиза Стефани жұбын үш сетте жеңді – 7:6, 6:3, 6:4.