Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Софья Самоделкина Олимпиадада жеке рекордын жаңартып, үздік ондыққа енді
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 23 ақпан, 2026 | 10:45
1 мин. - оқу уақыты

Софья Самоделкина Олимпиадада жеке рекордын жаңартып, үздік ондыққа енді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Миланда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарында тарихи нәтиже көрсетті

Сали Сабиров
Сали Сабиров

Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыс қорытындыланды, деп хабарлайды QazMonitor. Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина елдік есепте жаңа рекорд орнатып, Олимпиаданы 10-орынмен аяқтады.

Мұз айдынына 13-болып шыққан қазақстандық спортшы еркін бағдарламада мінсіз өнер көрсетіп, 138.99 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Софья 207.46 ұпай еншілеп, жеке мансабындағы ең үздік нәтижесін тіркеді.

Олимпиаданың алтын медалін Алиса Лю (АҚШ) жеңіп алды — 226.79 ұпай (жеке рекордын жаңартты)

Күміс жүлдегер – Каори Сакамото (Жапония) — 224.90 ұпай

Қола медаль Ами Накаидің (Жапония) қоржынында — 219.16 ұпай.

Айта кетейік, бұған дейінгі рекордтық көрсеткішін Самоделкина 2021 жылы орнатқан болатын — 205.67 ұпай. Осылайша, Олимпиада төрінде ол өз нәтижесін жаңартты.

Қысқы Олимпиада ойындарының тарихында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Қазақстан атынан бұған дейін тек 2018 жылы Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен.

Сол Олимпиадада Элизабет Тұрсынбаева 12-орынға тұрақтаған еді.

Самоделкинаның бұл нәтижесі — Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихындағы маңызды көрсеткіштердің бірі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.