Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Түркістан облысының жас тоғызқұмалақшылары ел чемпионатында жүлде салды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 30 наурыз, 2026 | 14:43
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

Түркістан облысының жас тоғызқұмалақшылары ел чемпионатында жүлде салды

Атырауда өткен Қазақстан чемпионатында өңір спортшылары алтын, күміс және қола медаль иеленді

Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысының әкімдігі

Атырау қаласында 20-29 наурыз аралығында жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды QazMonitor.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас ойыншылар бақ сынаған додада Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтижелерімен көзге түсті.

Атап айтқанда, 17 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид түрінен Нұрсая Ұстазхан қарсыластарынан оқ бойы озып, ел чемпионы атанды.

Сондай-ақ, 15 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид бағдарламасында Айару Қалдыбекова күміс жүлдеге ие болды. Ал осы жас санатындағы классика түрінде Азеля Әбдірали қола медаль жеңіп алды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.