Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Бибісара Асаубаева шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 31 желтоқсан, 2025 | 09:39
1 мин. - оқу уақыты

Бибісара Асаубаева шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық гроссмейстер 2026 жылғы үміткерлер турниріне жолдама алды

gov.kz
gov.kz

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Осылайша ол блиц шахматынан үш дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлады QazMonitor-ға ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Отандасымыз 15 раунд қорытындысы бойынша 11 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. 2025 жылғы блицтен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Бұл жеңіс Бибісара Асаубаеваға 2026 жылғы әлем чемпионатына үміткерлер турниріне қатысуға мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шахматшының тарихи жетістігін жоғары бағалап, оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 25-31 желтоқсан аралығында Дохада өтті. Жарысқа әйелдер арасында 42 елден 140 шахматшы қатысты, оның 132-сі халықаралық шеберлер. Чемпионат қарсаңында өткен рапид турнирінде де Бибісара Асаубаева үздік 20 ойыншының қатарына енген.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.