Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Алматы облысында «Көшпенділер қаласы» кешенінің жобасы таныстырылды
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 03 ақпан, 2026 | 11:55
1 мин. - оқу уақыты

Алматы облысында «Көшпенділер қаласы» кешенінің жобасы таныстырылды

Этно-туристік кешен жылына 150 мың турист қабылдайды деп жоспарланған

gov.kz
gov.kz

Алматы облысында этно-туристік «Көшпенділер қаласы» кешенінің тұжырымдамасы мен Кеген ауданындағы «Қара шатқал» туристік аймағында аспалы әйнек көпір салу жобасы таныстырылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «ASK Capital» және «Строй Индустрия» ЖШС өкілдерімен кездесуінен кейін белгілі болды. Кездесу барысында инвесторлар «Көшпенділер қаласы» кешені «Қара шатқал» туристік аймағында аспалы әйнек көпір салу жобасын ұсынған.

Аспалы әйнек көпір жобасының құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Құрылыс кезеңінде 120 уақытша жұмыс орны, ал нысан пайдалануға берілгеннен кейін 58 тұрақты жұмыс орны ашу жоспарланған. Жобаны іске асыру мерзімі — 2025–2026 жылдар.

«Толық іске қосылғаннан кейін нысан жылына 400–600 мың турист қабылдай алады», делінген ақпаратта.

2024 жылы аудандық бюджет есебінен 57 млн теңге көлемінде электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда автотұрақ пен павильон құрылысына арналған алаңды дайындау және тегістеу бойынша жер жұмыстары аяқталған. Қазір жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

«Көшпенділер қаласы» жобасы инвестордың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Болжам бойынша, этно-туристік кешен жылына 150 мыңға дейін турист қабылдай алады. Кешен күніне 2 мың келушіге дейін қабылдайды деп жоспарланған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.