Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің жеке коллекциясына негізделген «Димаш: бір дауыс – мың ел» атты жылжымалы көрме өтеді, деп хабарлайды QazMonitor.
Көрмеге әлемнің әр түкпірінен әншінің жанкүйерлері сыйға тартқан 70-тен астам бірегей музыкалық аспап қойылады. Сонымен қатар экспозицияға Димаш Құдайбергеннің сахналық костюмдері мен сирек кездесетін жеке жәдігерлері де енгізілген.
Жоба мәдени туризмді дамытуға және музей аудиториясын кеңейтуге бағытталған.
Көрме белгілі бір мерзім аралығында жұмыс істеп, кейін өзге өңірлерге көшпелі форматта ұсынылады.