Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Италияның әйгілі Belissimo циркі алғаш рет Алматыға келді
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 12 ақпан, 2026 | 12:14
1 мин. - оқу уақыты

Италияның әйгілі Belissimo циркі алғаш рет Алматыға келді

Өнер ұжымы цирк өнерінің Оскарын бес мәрте алған

Photo X
Photo X

Қазақ мемлекеттік циркінің аренасында әлемге әйгілі Флавио және Бруно Тони жетекшілік ететін итальяндық Belissimo циркі өз гастролін бастайды, деп хабарлайды QazMonitor.

Флавио мен Бруно Тони – әлемдік цирк индустриясындағы ең беделді әулеттердің бірі. Олардың кәсіби деңгейінің басты дәлелі – цирк өнерінің «Оскары» саналатын Монте-Карлодағы халықаралық фестивальде бес мәрте жеңіске жеткен.

Алматылық көрермендер үшін шетелдік әртістер бірнеше бірегей нөмірлерді дайындаған. Оның ішінде сахнада бенгал және ақ жолбарыстармен қатар, Орталық Азияда алғаш рет алтын жолбарыстар өнер көрсетеді деп жоспарланған. Аренада үш мәрте сальто-мортале орындайтын акробаттар, арқан үстіндегі шеберлер және эквилибристер цирк өнерінің шегін көрсетеді.

Сонымен қатар бағдарламаның негізі – нәзік юмор мен көрерменмен тікелей интерактив орнататын сайқымазақтар шоуы болмақ.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.