Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Қазақстанның екі тарихи-мәдени нысаны ЮНЕСКО тізіміне ұсынылды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 27 ақпан, 2026 | 15:59
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанның екі тарихи-мәдени нысаны ЮНЕСКО тізіміне ұсынылды

Олар Қазақстандағы шегесіз салынған көне сирек діни ғимараттарға жатады

Фото: Жұмабай Мұсабеков
Фото: Жұмабай Мұсабеков

«

Айта кетейік, Жаркент мешіті – XIX ғасырдағы сәулет ескерткіші. Ғимарат 1895 жылы қытайлық сәулетші Хон Пике жобасымен салынған. 1982 жылдан бері республикалық маңызы бар тарихи және сәулет ескерткіші ретінде мемлекет қорғауына алынған.

Нысан Орта Азия сәулет дәстүрінде тұрғызылғанымен, оның құрылымында будда ғибадатханаларына тән элементтер де кездеседі. Мешіттің басты ерекшелігінің бірі — ағаш конструкцияларын құрастыру барысында шегенің қолданылмауы.

Ал Вознесенск соборы – Алматы қаласындағы ең танымал тарихи және сәулет ескерткіштерінің бірі. Ол Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі ағаштан салынған ең биік православ храмдарының қатарына жатады. Ғимарат 1904–1907 жылдары салынған, шегесіз ағаш конструкциялар қолданылған ерекше инженерлік шешімімен танымал.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.