Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Абай облысындағы археологиялық жұмыстар: Ғалымдар алғашқы нәтижелерді жариялады
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 02 наурыз, 2026 | 15:06
1 мин. - оқу уақыты

Абай облысындағы археологиялық жұмыстар: Ғалымдар алғашқы нәтижелерді жариялады

Зерттеушілер жаңадан табылған артефактілердің аймақтың мәдени даму тарихындағы орнына ғылыми баға берді

Boris Hamer/Pexels
Boris Hamer/Pexels

Абай облысындағы археологиялық қазба жұмыстарының алғашқы ғылыми нәтижелері жарияланды. Зейнолла Самашұлы мен Бақыт Еженханұлының жаңа еңбектері таныстырылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Шәкәрім университетінде өткен республикалық ғылыми конференция барысында өңірдің тарихи мұрасын кешенді зерттеу бойынша жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың алғашқы ғылыми нәтижелері таныстырылды.

Ғалымдар соңғы жылдары жүргізілген далалық барлау, археологиялық қазба және зертханалық талдау нәтижесінде анықталған жаңа деректерді таныстырды.

Атап айтқанда, археологиялық нысандарды жүйелеу, олардың мәдени-хронологиялық ерекшеліктерін анықтау және материалдық мәдениет үлгілерін ғылыми айналымға енгізу мәселелері талқыланды.

Конференция барысында археолог ғалым Зейнолла Самашұлы, зерттеуші Орынбай Ошанов және Қытайдағы Нанкин университетінің оқытушысы Бақыт Еженханұлы авторлығымен жарық көрген бірқатар ғылыми еңбектердің тұсаукесері өтті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.