Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. «Астана Операда» Эйфманның танымал балеттері көрермен назарына ұсынылды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 03 сәуір, 2026 | 11:13
1 мин. - оқу уақыты

«Астана Операда» Эйфманның танымал балеттері көрермен назарына ұсынылды

«Қызыл Жизель» балетінің жаңартылған нұсқасы және «Күнәның ар жағында» философиялық спектаклі сахналанды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Астана Опера» сахнасында Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық Борис Эйфман балет театрының гастрольдік сапары аясында екі қойылым көрсетілді, деп хабарлайды QazMonitor.

Көрермендер назарына хореограф Борис Эйфманның әйгілі «Қызыл Жизель» балетінің жаңартылған нұсқасы және Федор Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романының желісі бойынша қойылған «Күнәның ар жағында» философиялық спектаклі ұсынылды.

«Қызыл Жизель» гастрольдік бағдарламаның негізгі қойылымдарының біріне айналды. Балет өмір жолы ұлы талант пен қатал тарихи кезеңнің қақтығысын бейнелейтін атақты балерина Ольга Спесивцеваға арналған.

Қойылымда революция, эмиграция, жеке күйзелістер мен ішкі жан күйреуі адам тұлғасының нәзіктігін ашатын драмалық оқиға ретінде көрсетіледі. Жаңартылған нұсқада хореограф спектакльдің көркемдік безендірілуі мен хореографиялық құрылымын қайта жаңғыртқан.

Сонымен қатар, Достоевский шығармасының желісімен қойылған «Күнәның ар жағында» балеті ұсынылды. Бұл қойылым – жазушының атақты романына жасалған пластикалық интерпретация. Спектакль сенім мен сенімсіздік, адамгершілік құлдырау, ішкі қайшылық және рухани жаңғыру тақырыптарын қамтиды. Би тілі арқылы хореограф адам табиғатының екіжақтылығы мен жақсылық пен жамандықтың мәңгілік тартысын бейнелейді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.