Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Астанада тұрмыстық қалдықтан жасалған ерекше көрме ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 08 мамыр, 2026 | 13:26
1 мин. - оқу уақыты

Астанада тұрмыстық қалдықтан жасалған ерекше көрме ашылды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында экология тақырыбын көтерген арт-жоба ұсынылды

Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында елорданың ÓzgeEpic креативті хабында суретші-мүсінші Қанат Әбдиннің «Жаңа бейне» атты көрмесі ашылды. Экспозицияның ерекшелігі – барлық туындылар тұрмыстық қалдықтардан, соның ішінде картон, пакеттер, пластик және құрғақ бұтақтардан жасалған, деп хабарлайды QazMonitor Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар экология саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, отандық арт-кеңістікте жаңа бағыттардың қалыптасуына жол ашады.

«Қазақстанда мүсіншілер саусақпен санарлық, ал қалдықтардан өнер жасау – біз үшін мүлде жаңа бағыт. Мұндай жұмыстар адамдардың экологияға деген көзқарасын түбегейлі өзгерте алады. Бұл тіпті ең кішкентай келушілердің де үлкен қызығушылығын тудырып отыр», – деді ÓzgeEpic креативті хабының негізін қалаушы Тогжан Курманжанова.

Көрменің концепциясы шектен тыс тұтынудың қауіпті салдары туралы ой-толғамға құрылған. Шебердің қолында тұрмыстық қалдықтар жаңа бейнелер мен гибридті кейіпкерлерге айналған.

«Бұл – болашақтағы бейсаналы адамның образы. Егер біз ресурстарды шектен тыс пайдаланып, табиғатты ластауды жалғастыра берсек, қоқыс бізді толықтай жаулап, денемізден өсіп шығуы мүмкін. Мұны «Мицелия» мүсінінен де көруге болады», – дейді суретші.

Экспозициядағы барлық жұмыстарға әйел бейнесі мен есімдер берілгені де назар аударады. Автор мұны әйел табиғатына тән нәзіктік, әсемдік және тылсым қасиеттермен байланыстырады. Осындай ерекше формалар арқылы мүсінші көрермендердің экологиялық санасын оятып, ойлануға жетелеуді мақсат етеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.