Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Алматы саябақтарында жазғы буккроссинг алаңдары ашылады
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 28 мамыр, 2026 | 15:06
1 мин. - оқу уақыты

Алматы саябақтарында жазғы буккроссинг алаңдары ашылады

Биылғы 1 маусымнан бастап Алматыда жазғы буккроссинг алаңдары жұмыс істей бастайды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл алаңдарда қала тұрғындары мен қонақтары кітаптарды тегін алып оқып, өзара алмастыра алады. Жоба зияткерлік демалысты дамытуға және қоғамдық кеңістіктерде кітап оқуды насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды QazMonitor.

Кітап сөрелері Ганди және Қарғалы саябақтарында, М. Мақатаев атындағы скверде, сондай-ақ Центральная көшесі, 12Б мекенжайындағы №44 кітапханада орналастырылады. Ал шілде айынан бастап буккроссинг алаңы Гоголь көшесі, 109 мекенжайында орналасқан А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада да ашылады.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы мәліметінше, кітап сөрелері дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Кітап қоры тұрақты түрде жаңартылып отырады. Сөрелерге көркем әдебиет, танымдық және мотивациялық кітаптар қойылады.

Жоба қалалық кеңістіктерді демалыс орны ғана емес, мәдени әрі зияткерлік байланыс орнататын ортаға айналдыруды көздейді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.