Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Қазақстанда Cirque du Soleil-дің гастролі басталды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 05 маусым, 2026 | 15:16
2 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда Cirque du Soleil-дің гастролі басталды

Әлемге әйгілі цирк қазақстандықтарға OVO қойылымын ұсынады

cirquedusoleil.com
cirquedusoleil.com

Қазақстандағы премьера қарсаңында Cirque du Soleil командасы дайындығын пысықтады, Цирк ұжымы арнайыжурналистерге репетиция барысын мен әйгілі қойылымға қалай әзірленіп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды QazMonitor.

OVO – жәндіктер әлемі арқылы баяндалатын ерекше оқиға. Сахнада көбелектер, құмырсқалар, шегірткелер, өрмекшілер, қоңыздар және басқа да ұсақ тіршілік иелері тіріліп кеткендей әсер қалдырады. Олардың оқиғалары арқылы махаббат, достық, өзгеріс пен бір-бірімен үйлесімді өмір сүру тақырыптары көрініс табады. Қойылымға қатысатын 53 әртістің барлығы түрлі жәндіктің бейнесін сомдайды. Қазақстанға шоу құрамындағы әртістер мен техникалық мамандардан тұратын 100 адамдық халықаралық команда келді.

OVO қойылымының режиссері әрі хореографы – бразилиялық өнер қайраткері Дебора Колкер. Оның шығармашылық қолтаңбасы қойылымның барлық бөлігінен байқалады: бразилиялық әуендерге негізделген музыкадан бастап, жарқын костюмдерден, сахналық пластикадан және декорация шешімдерінен анық көрінеді.

Гастроль кезінде костюмдердің жағдайын бес маман қадағалайды. Бір ғана қойылымда шамамен 800 костюм элементі пайдаланылады. Астанадағы қойылымға, мамандарға шамамен 2400 костюм элементін дайындауға тура келген.

Шоудың ауқымы логистикадан да байқалады. Барлық жабдықты тасымалдау үшін 21 жүк көлігі немесе екі жүк ұшағы қажет болған.

Команда өзімен бірге кір жуатын жабдықтарын да алып жүреді: бес кір жуғыш машина және үш кептіргіш. Астанадағы премьераға дайындық барысында 60 рет кір жуылған. Әр көрсетілімнен кейін тағы 12–15 жуу циклі орындалады. Соның арқасында жүздеген костюм үнемі мінсіз күйде сақталады.

OVO қойылымдары Астанада 4–7 маусым аралығында Barys Arena кешенінде өтеді. Одан кейін шоу алғаш рет Алматыға барып, 11–14 маусым күндері Almaty Arena сахнасында көрсетіледі. Қазақстан бойынша барлығы 14 қойылым жоспарланған. Ұйымдастырушылар болжамынша, оларды 70 мыңнан астам көрермен тамашалайды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.