Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Қазақтың дәстүрлі музыкасы халықаралық платформаларда жарияланды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 15 маусым, 2026 | 12:29
1 мин. - оқу уақыты

Қазақтың дәстүрлі музыкасы халықаралық платформаларда жарияланды

Қазақтың көрнекті композиторлары мен күйші өнерпаздарының шығармалары цифрлық форматта ұсынылды

gov.kz
gov.kz

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің репертуарындағы туындылар әлемнің жетекші музыкалық платформаларында жарияланды, деп хабарлайды QazMonitor Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Оркестр тарихында алғаш рет қазақ күйлері халықаралық музыкалық платформаларға шығарылып, халқымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен күй өнерін жаһан жұртшылығына таныта түсті.

Цифрлық форматта қазақтың көрнекті композиторлары мен күйші өнерпаздарының шығармалары ұсынылды. Олардың қатарында Құрманғазы Сағырбайұлының, Дина Нұрпейісованың, Тәттімбеттің, Қазанғаптың, Нұрғиса Тілендиевтің және өзге де авторлардың күйлері бар. Сонымен қатар көпшілік А.Жұбанов, Е.Брусиловский, К.Күмісбековң, Т.Қажығалиев, Х.Тастанов, С.Бәйтереков, С.Шабельский, Л.Шаргородский және С.Құсайыновтың шығармаларын да тыңдай алады.

Музыкалық туындылар Spotify, Apple Music, YouTube Music, Amazon Music, Яндекс Музыка және басқа да танымал цифрлық платформаларында ұсынылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.