Жаңа жобаның мақсаты – қала тұрғындары үшін кітаптың қолжетімділігін арттыру, кітап оқуға қызығушылық қалыптастыру және оқу мәдениетін дамыту. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір кітап беру пунктінің қорында 2 000-нан астам кітап бар. Жаңа кітап беру пункті сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Алдағы уақытта тұрғындарды кеңінен қамту және қала тұрғындары үшін кітаптың қолжетімділігін арттыру мақсатында қаланың өзге аудандарындағы сауда орталықтарында да кітап беру пункттерін ашу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бүгінде Алматыда барлығы 39 кітапхана жұмыс істейді. Оның 30-ы – қала кітапханасы, 7-еуі тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар қаладағы адам көп жиналатын орындарда өзіне-өзі қызмет көрсететін 32 дербес кітапхана орналасқан.