Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Астанада Түркістан облысының креативті индустрия жәрмеңкесі өтті
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 01 қыркүйек, 2026 | 11:56
1 мин. - оқу уақыты

Астанада Түркістан облысының креативті индустрия жәрмеңкесі өтті

Түркістандық креаторлар Qazaq Creative Hub алаңында 21 млн теңгенің өнімін сатты

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық жобаларын таныстырды, деп хабарлайды QazMonitor Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасар.

Көпшілікке кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар, ұлттық кілемдер, заманауи дизайнерлік киімдер, ат әбзелдері, домбыра, сондай-ақ киізден, ағаштан және қыштан жасалған бұйымдар, сәндік паннолар, жібек орамалдар, тақиялар, көрпешелер мен сөмкелер ұсынылды. Екі күн ішінде жәрмеңкеге 5 200-ге жуық адам барды. Креаторлар жалпы 21 млн теңгенің өнімін сатты.

Сонымен қатар іскерлік және мәдени бағдарлама аясында шеберлік сабақтары өтті. Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға негізделген инновациялық жобалар мен стартаптар таныстырылды. Келушілер үшін сән көрсетілімі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жәрмеңке өңір креаторларына өз туындыларын елорда жұртшылығына танытып қана қоймай, жаңа серіктестер табуға, іскерлік байланыс орнатуға және өз брендтерін кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Creative Aimaq жобасы әлі де жалғасады. Келесі кезекте Жамбыл облысының креаторлары өз өнімдері мен жобаларын таныстырады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.