Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Ботай мәдениеті Кембридж университетінде таныстырылды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 06 қазан, 2026 | 15:00
1 мин. - оқу уақыты

Ботай мәдениеті Кембридж университетінде таныстырылды

Көрмеге халықаралық ғылыми және академиялық қауымдастықтың 100-ге жуық өкілі қатысты.

Фото: СҚО әкімдігі
Фото: СҚО әкімдігі

Макдональд археологиялық зерттеулер институтының «Еуразия: ежелгі өзара байланыстарды зерттеудегі жаңа бағыттар» атты халықаралық конференциясы аясында Кембридж қаласында «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі өтті. Көрме Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, өңір басшылығы мен Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл туралы СҚО әкімдігі хабарлады. 

Көрмеге халықаралық ғылыми және академиялық қауымдастықтың 100-ге жуық өкілі қатысты. Олардың қатарында Кембридж мэрі Мария Клеминсон, Кембридж университетінің профессоры Кэмерон Петри және Эксетер университетінің профессоры Алан Отрам болды.

Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің қорынан археологиялық жәдігерлер, этнографиялық бұйымдар және Ботай мәдениетіне арналған 22 көркем туындысы ұсынылды.

Жобаның негізгі мақсаты – Ботай мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен таныту, ғылыми және мәдени ынтымақтастықты дамыту. Конференция аясында Ботай мәдениетіне қатысты нысандарды ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу жөніндегі жұмыс аясында оларды халықаралық деңгейде таныстыру перспективалары да талқыланды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.