Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Абай облысында республикалық құсбегілер турнирі өтті
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 29 қараша, 2025 | 16:38
1 мин. - оқу уақыты

Абай облысында республикалық құсбегілер турнирі өтті

«Абай салбурыны – 2025» турнирінде еліміздің 11 өңірінен келген бүркітшілер мен тазы баптаушылар бақ сынасты

Абай облысының әкімдігі
Абай облысының әкімдігі

Абай облысында «Абай салбурыны – 2025» республикалық турнирі биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жидебай қорығы аумағында орын тепкен «TauKum» этно ауыл кешенінде өткен дәстүрлі жарысқа елдің түкпір-түкпірінен келген үздік құсбегілер қатысып, қыран құстардың шеберлігін танытты.

Екі күнге созылған тартысты турнирде 70-ке жуық бүркіт, сондай-ақ 14 ителгі мен 15 қаршыға сайысқа түсті. Құсбегілердің көрсетілімдерімен қатар, ұлттық мұраның тағы бір маңызды бөлігі — құмай тазы жарысы да ұйымдастырылды.

Бүркітшілер сайысында астаналық Ерасыл Серікбек «Қарашолақ» атты құсымен 1-орынды иеленді. Қаршыға бәсекесінде жамбылдық Берікболсын Бабажан«Қанжар» атты құсымен жеңімпаз атанса, ителгі жарысында Бабажан Бақдаулет «Қаракөз» атты құсымен жеңіске жетті. «Құмай тазы» додасында Үржар ауданының қатысушысы Рахат Ақылжанов көзге түсті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.