Жаңа кітапхана заманауи талаптарға сай жабдықталған кең кітап қорына ие. Мұнда жасы мен қызығушылығы әртүрлі оқырмандарға арналған оқу залдары, компьютермен жұмыс істеуге арналған арнайы аймақ, жеке оқу үшін тыныш кеңістіктер, сондай-ақ бірлескен кездесулер мен шығармашылық бастамаларды жүзеге асыруға қолайлы алаңдар қарастырылған, деп хабарлады QazMonitor-ға Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кітапхананың басты ерекшеліктерінің бірі – ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған инклюзивті орта. Көру қабілеті төмен және зағип оқырмандар үшін Брайль бағдарламалары мен дыбыстық интерфейстермен жабдықталған арнайы жұмыс орындары ұйымдастырылған.
20 мыңға дейін кітапты қамтитын бай қорымен ерекшеленетін жаңа кітапхана алматылықтар үшін тартымды мәдени және білім беру орталығына айналмақ.
Айта кетейік, бүгінде Алматы қаласында 31 қалалық кітапхана қызмет көрсетеді, олардың үшеуі тәулік бойы оқырмандарға ашық.