Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Қазақ ұлттық консерваториясы Вена университетімен келісімге келді
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 14 қаңтар, 2026 | 10:36
1 мин. - оқу уақыты

Қазақ ұлттық консерваториясы Вена университетімен келісімге келді

Ынтымақтастық вокал, дирижерлік және аспаптық орындау бағыттарын қамтиды

Қазақ ұлттық консерваториясы
Қазақ ұлттық консерваториясы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы әлемдегі жетекші шығармашылық жоғары оқу орындарының бірі – Вена музыка және сахналық өнер университетімен (University of Music and Performing Arts Vienna) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады QazMonitor-ға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар қол қойған меморандум шығармашылық кадрларды кәсіби даярлау саласындағы ұзақ мерзімді академиялық әріптестікті дамытуға және халықаралық білім беру мен мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған. Құжатта ынтымақтастықтың бірнеше басым бағыты айқындалған.

Атап айтқанда, академиялық ұтқырлықты кеңейтуге басымдық беріледі. Вокал, композиция, операға дирижерлік ету және аспаптық орындау салаларында, соның ішінде скрипка, фортепиано, үрмелі аспаптар мен перкуссия бойынша бірлескен шығармашылық жұмыстар жүргізу көзделген. Сонымен қатар музыкатану, этномузыкатану және мәдениет менеджменті бағыттарында ортақ ғылыми зерттеулерді дамыту жоспарланып отыр.

Ынтымақтастық аясында студенттер мен оқытушыларды халықаралық білім беру бағдарламаларына, оның ішінде International Summer Academy mdw жобасына тарту қарастырылған.

Вена университетінде бүгінде музыка, театр және кино бағыттары бойынша 3000-нан астам студент пен оқытушы білім алып, еңбек етеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.