Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстан OpenAI Edu-ға қосылған Орталық Азиядағы алғашқы ел атанды: Не өзгереді?
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 22 қаңтар, 2026 | 09:33
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан OpenAI Edu-ға қосылған Орталық Азиядағы алғашқы ел атанды: Не өзгереді?

Компания бастамасының алғашқы халықаралық тобын іске қосқанын жариялады

gov.kz
gov.kz

OpenAI компаниясы OpenAI for Countries жаһандық бағдарламасы аясында Edu for Countries бастамасының алғашқы халықаралық тобын іске қосқанын жариялады. Қазақстан қатысушы елдердің алғашқы легіне кірген алты елдің қатарында, деп хабарлайды QazMonitor.

Одан бөлек Эстония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Грекия кірді. Қазақстанның бұл бастамаға қосылуы ChatGPT Edu-ды ұлттық білім беру жүйесіне жүйелі түрде енгізудің басталғанын білдіреді. Осылайша Қазақстан аталған халықаралық бағдарламаға қосылған Орталық Азиядағы алғашқы ел атанды.

Edu for Countries бастамасы елдің білім беру саясаты үшін стратегиялық маңызға ие.

Еске салсақ, жоба 2025 жылы Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына сапары барысында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандумы аясында қол жеткізілген уағдаластық негізінде іске асырылып жатыр. Негізгі келісім OpenAI, Inc., Freedom Holding Corp. және өңірлік серіктес Bilim Group арасында жасалды.

Айта кетейік, жобаға мемлекеттік бюджет пен сыртқы гранттар тартылмайды - жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады.

ChatGPT Edu-ды Қазақстанда енгізу аясында елдің білім беру ұйымдарына 165 000 лицензияны тегін беру көзделген, оның ішінде:100 000 лицензия – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагог тері үшін; 62 800 лицензия – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін, ал 2 200 лицензия – Astana Hub экожүйесінің қатысушылары үшін белгіленген.

ChatGPT Edu педагогтерге тапсырмалар мен тестті, оқу материалдарын әзірлеуге, контентті білім алушылар деңгейіне бейімдеуге, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде материалдар дайындауға арналған құралдарды ұсынады. Жұмыстарды тексеру кезінде жүйе кері байланысу мен бағалау критерийлерін қалыптастыруда пайдаланылуы мүмкін, алайда бағалауға қатысты барлық шешімдер оқытушы құзыретінде қалады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.