Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда жасанды интеллект мамандарын даярлауға 12 шетелдік ЖОО тартылды
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 22 қаңтар, 2026 | 16:47
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда жасанды интеллект мамандарын даярлауға 12 шетелдік ЖОО тартылды

Елімізде ЖИ бағытындағы жоғары мектептер, шетелдік филиалдар мен қос дипломды бағдарламалар іске қосылуда

Pelexs / Youn Seung Jin
Pelexs / Youn Seung Jin

Цифрлық мемлекетке көшу аясында Қазақстанда жасанды интеллект саласы үшін білікті кадрлар даярлау  үшін еліміздегі білім беру жүйесіне әлемнің жетекші 12 шетелдік жоғары оқу орны тартылып отыр, деп хабарлайды QazMonitor.

ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың айтуынша, Сеул техникалық университетімен бірлесіп Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті базасында жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылған. Сонымен қатар Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде City University of Hong Kong филиалы жұмысын бастап, жасанды интеллект бағытында қос дипломды білім беру бағдарламалары іске асырылуда.

Бұдан бөлек, Қазақстанда үш «Лу Бань шеберханасын» құру көзделген. Оның бірі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ашылса, екіншісі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында, ал үшіншісі М.Тынышпаев атындағы Логистика және көлік академиясында құрылып жатыр.

Қазіргі таңда еліміздің 30 жоғары оқу орнында жасанды интеллектке арналған 42 білім беру бағдарламасы енгізілген. «Қолданбалы ЖИ», «ЖИ және блокчейн инженериясы», «Медицинадағы ЖИ» сияқты бағыттар бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде шамамен 3 мың студент білім алуда.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.