Жаңа алаң аналитика, ғылыми зерттеулер, өнім әзірлеу және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін деректерге мұқтаж пайдаланушыларға, сондай-ақ өз деректерін ашық әрі түсінікті шарттармен ұсынуға дайын дерек иелеріне арналған, деп хабарлайды QazMonitor.
Платформа арқылы дайын деректер жиынтықтарын (датасеттерді) табуға және сатып алуға, сондай-ақ жеке деректер базасын орналастырып, оны пайдаланудан табыс табуға болады.
AIFC Data Marketplace пайдаланушыларға бірқатар мүмкіндіктер ұсынады. Атап айтқанда, құрылымдалған датасеттер каталогы, салалар мен міндеттер бойынша ыңғайлы іздеу және сүзгілер, сондай-ақ деректермен жұмыс істеудің түсінікті әрі ашық шарттары қарастырылған. Сонымен қатар, платформа дерек иелері үшін жаңа коммерциялық мүмкіндіктер ашады.
Жаңа цифрлық шешім деректерге қолжетімділікті жеңілдетіп, оларды пайдалану үшін сенімді және айқын экожүйе қалыптастыруды көздейді.